Алтын куз сценарий балабакша ересек топ

Алтын куз сценарий балабакша ересек топ

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Түссе –сары. Бұл не?

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Аділхан Күзім-ау, күзім-ау!

Айгерім Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Диар Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен

Сабина Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Ызғарлы екен жел де тым.

Артём Кездескен сон күзімен,

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші: «Қолшатыр» биі ( Айгерім, Айлана, Роза)

Ақерке Гүл жайнаған даланың,

Батырхан Алтын, сары, қызыл, көк,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Роза О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Кәусар Астық жеміс жиылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Элина Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Айша Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ұшты кенет жапырақ.

Ирина Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Қаби Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Аяжан Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Самира: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам»

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Айым

Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім . Альжан

Өрік Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін. Лаура

Алма Мен алмамын, алмамын

Тандайда қалар бәр дәмім. Алина

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

Күрен қызыл шіркін-ай

«Шалқан» -орыс халық ертегісі

«Алтын күз» өленің тамашалыныздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Источник

«Алтын күз» сценарий балабақшада ересек тобы.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Просмотр содержимого документа
«»Алтын күз» сценарий балабақшада ересек тобы.»

«Алтын күз» сценарий балабақшада ересек тобы

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.Азамат: Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

2. Арай: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

3. С. Мансур:Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4. Ясмин: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5. Айдос Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.

1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін

Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен

Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен

Читайте также:  Монтажная пена для наружных работ рейтинг

5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.

Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Шағала»
Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 — бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Қабдолла Әдия: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мадина: Жо — жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Азамат: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Абылайхан: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл — дәлелденген рецепт!
Мадина: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Жанель: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Жанель: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын. (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Жанель: — А — а — а — деп қане, аузыңды ашшы. (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол — аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды.
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін?
Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп — көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс.

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!

— Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ — кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: — Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: «Бізде де бар, бау бақша»

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.

Қ.Әдия: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

Әділ: Autumn leaves are falling down,

Falling down, falling down,

Autumn leaves are falling down,

Yellow, red, orange and brown

Әскербек Мансұр: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
К.Адия: The leaves are falling

Інжу: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Дильназ: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!

— Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.

1.Жиһангер: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

2.Алина: Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік

3.Нұрсұлтан: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.

4.Аймерей: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

5.Елжас: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

6. Қарақат: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» — атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Құтты болсын, жаңа жыл!

Тақырыбы: «Құтты болсын, жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың түсініктерін
кеңейту. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айта білуге
үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,
ой-өрістерін кеңейту. Көпшілік ортада тәртіпті,
инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген шырша, бетперделер, техникалық құрал, шарлар.

Жүрісі:
Зал іші әсем безендірілген. Ортада әрі үлкен, әрі әдемі шырша құрулы тұр. Шырша әр түрлі жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Музыка әуені ойнатылып, балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: — Армысыздар, құрметті ата — ана, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт – береке алып келсін!

Әйгерім: Амансың ба, халайық, Әлихан: Ортада таңдандырып талайды
Жаңа жылды тойлайық. Шыршамыз жасарып, жайнайды.
Ән салайық, би билеп, Құбылып, құлпырып айнала,
Көңілімізді бір көтеріп. Сиқырлы сәулелер тарайды.

Әйгерім: Кел, жаңа жыл, Әлихан: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Төрле, төрле, жеріме, Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Құт береке боп келгейсің еліме, Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Үміт артып армандарға аяулы. Мына отырған барша жан бәрімізге.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,

Музыка ойналып, залға Миша Аю кіреді (мойнында асып алған шыршасы бар, әкеліп орындықтың үстіне қояды, өлеңді айтып тұрып, шыршаны әсемдейді):
Туру – ру, туру – ру
Жаңа жылда келеді
Шыршаны да әкелдім
Әсемдеймін ойыншықпен (қорап жәшіктен ойыншықтар алады). Осы кезде Маша кіріп келеді.
Маша: (есік жақтан айқайлайды):
— Миша, Аю аға қайдасың?
Миша тез – тез қорапты жинап, қашып бара жатып, бір ойыншықты тастап кетеді.
Маша: Қайда жасырындың Миша? Біз жасырынбақты кеше ойнадық қой. (Іздейді)
— О – о, керемет! Мынау шырша ғой. (Шыршаны айнала таңданып, қарап шығады)
— Ой! Бір ойыншық ілінбей қалыпты қой. Аю аға ұмытып кеткен ғой. Қазір мен, шыршаға іліп қояйын. Шыршаға ойыншық іліп жатып, ән айтады: «В лесу родилась елочка . » (тоқтап ойланады)
— Ол, онда не істеген? Ұйықтаған ба? Өмір сүрген бе? «В лесу она жила . Зимой и летом» (тағы ойланады). Ол қыста, жазда не істейді? Түсініксіз?
— Сендер не істеп отырсыңдар? Көрмей тұрсыңдар ма, әнді ұмытып қалдым. Қане, орындарыңнан тұрыңдар, бәріміз бірге «Шырша» әнін айтайық. Шырша ән күтіп тұр.
Ән: «Шырша»
Маша: — Рақмет, балалар! Әндерің тамаша екен! – деп айтып жатқанда, шыршаны құлатып алады.
Миша аю жүгіріп келеді де, Машаға ұрсады:
— Сен бәрін құрттың, біз енді жаңа – жылды шыршасыз қалай қарсы аламыз?
Маша: — Кешірші мені. Жүр орманға барып, шыршаны кесіп әкелейік. – деп аюдың қолынан тартады.
Миша аю: — Жоқ, болмайды. Ол заңсыз. Ол орман – менің үйім. Ал, шырша қайда өседі? Білмейсің?

Читайте также:  Механическая клавиатура на красных свечах топ

Маша: Қайда? Қайда өседі? (Бір – біріне сұрақ қояды)
Миша аю: — Балалар, Маша шыршаның қайда өсетінін білмейді.
Тәрбиеші: — Балалар қане, Машаға көмектесіп жіберейік. Шырша қайда өседі?
Балалар: — Орманда, тауда, — деп жауап береді.
Маша: А — а – а, енді түсіндім! Енді не істейміз?
Миша аю: Ал, қанекей, былай жасайық. Орманға барып, шыршаны кеспей, сол жерде әдемілеп, безендірейік.
Маша: Жарайды. Кеттік онда. Алақай!, — деп қолын шапалақтап секіреді
— Ал, балаларды өзімізбен ала кетейік.
Миша аю: — Ал, балалар, орманға да келдік. Бұл жерде қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Шыршаны безендіру. Ойынға 2 ата – ананы шығарамыз. (Шыршаның ойыншықтары екі жерге теңбе-тең бөлініп қойылады). Екеуінің қайсысы ойыншықты бұрын ілсе, соған Миша аю сыйлық береді. (Музыка қойылады)
Миша аю мен Маша: — Балалар, біз сендермен бірге ойын ойнадық, ән айттық. Рақмет сендерге, жаңа – жылдарың құтты болсын! (Музыка ойналып, олар шығып кетеді)
Тәрбиеші: — Біздің сыныптың балалары Аяз атаны көптен күтіп жүр. Ендеше, балалар, бәріміз бірге қосылып дауыстап, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Хормен: Аяз Ата, Аяз Ата!
Ақшақар, Ақшақар!
Тәрбиеші: — Қане, қаттырақ дауыстайық! А — у — у, Аяз ата, Ақшақар! (Залға әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз Ата: — Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Сәлеметсіздер ме, ата-аналар?
— Сәлеметсіздер ме, ұстаздар
Балалар: — Сәлеметсіздер ме, Аяз ата!
— Сәлеметсіздер ме, Ақшақар!
Аяз Ата: — Өздерің де аман — есенсіңдер ме, менің балғын достарым! Келмегеніме 1 жыл болды ғой. Сендерді әбден сағындым. Балалар, менің бір сұрағыма жауап беріңдерші.
— Сендерге сыйлықты кім дайындайтынын білесіңдер ме?
Балалар: — Аяз ата!
Аяз Ата: — Иә, дұрыс айтасыңдар. Бірақ менің қасымда көмекшім – Ақшақарым бар. Сендердің арман-тілектерің әуелі соған жетеді. Содан соң ол маған айтады. Ал, енді бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз Атаның дорбасында барлығыңа да жететін сыйлық бар.

Әйгерім: Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Әлихан: Сыныбымыздың бишілерін шақырайық,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Қыс қызығы басылмай ұласады, Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда. Қол соғып биік шыңға самғатайық

Тәрбиеші: Кезекті балаларға берейік, жаттап келген тақпақтары бар екен.

Аңсағаным: Тілеймін мен бар әлемге. Сұлтан: Келді міне, жаңа жыл
Жаңа бақыт, жаңа жыр Қарсы алайық бәріміз
Папа, мама, папа, мама Күліп ойнап, би билеп
Құтты болсын, жаңа жыл! Ән салайық бәріміз.

Асылай: Жасыл желек жамылып, Адина: Өлең де әзір, ән де әзір,
Асыл моншақ тағылып, Ойын әзір, бәрі әзір
Міне сұлу шыршамыз Кел жаңа жыл, біздерге
Көптен күтіп сағынған. Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Айтам әнді жүздеген. Жаңа жыл ақ орманның өрленуі.
Қуанышты жыл сайын,
Әкел қарша, жырлайын.
Жаса, жаңа жылымыз,
Жаса, бейбіт күніміз!

Жаңа жыл (Қой жылы): Мен – Жаңа жылмын,

Бекарыс: Той, мереке салтанат Жеңісгүл: Жайнатып жасыл шыршаны,
Думандатты шартарап. Сыйлыққа толтырып ортаны,
Келді міне, жаңа жыл Ойнаймыз, күлеміз, билейміз,
Тартуларын арқалап. Қуантып Аяз атаны.

Аяз Ата: — Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, Балалар, мен сендерге біраз ойындар алып келдім. Бірінші ойыным: «Кім пиманы тез киеді?»

Нұрсая: Аспан жерге төгеді Мейрам: Аппақ тонға оранып,
Ақ күмісін уыстап. Базарлықты мол алып,
Жаңа жыл да келеді Келді алыс сапардан
Бізге қарап жылыстап. Аяз ата оралып.

Таңат: Жапалақтап ақша қар Әлтайр: Қалып едік сағынып,
Жауды күнде қайталап. Күтіп алдық жабылып.
Қырға шықты балалар Жолын қойдық жарық қып,
Шаңғыларын арқалап. Шыршаларға шам іліп.

Тәрбиеші: — Балалар, қыс мезгілінде не жауады?
Балалар: — Қар жауады.
Тәрбиеші: — Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Балалар: — Шанамен сырғанаймыз. Қармен бір-бірімізге қар лақтырысып, қардан аққала жасап та ойнаймыз.
Гүлзада: Ауыл алды ақшақар.
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала.
Жалқауы жоқ жұмысқа
Кіп-кішкентай доп қана
Бірі әкеліп қар үйіп,
Бірі қарға су құйып,
Күліседі күлімдеп,
Бітірейік деп қана.
Музыкамен Аққалалар келеді.
Тәрбиеші: Барлығымыз да «Аққалалар» биін тамашалайық.
Би: «Аққала»
Аяз Ата: — Балалар, алып келген екінші ойыным: «Дәлдеп түсіру». Ойынның шарты: ойынға екі бала шығады. Алдарындағы шелекке қарды дәлдеп лақтырып түсіру керек. Қай бала көп қар жинаса соның жеңіске жеткені.

Муслим: Қол ұстасып бәріміз Мәди: Жүзімізге күлкі ойнап
Шырша айналып, ән салсақ. Қанаттанды жанымыз
Мерекенің думаны Жаңа жылды біз тойлап
Арта бермек асқақтап! Шаттанамыз бәріміз

Мейірхан: Қайда қызық думан болса, Ерхан: Аппақ, аппақ, қар аппақ
Аяз ата сонда болды. Қар жамылған не аппақ?
Балалармен бірге ойнап Қырау, қырау сен аппақ.
Балалармен бірге қонды. Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

Ақселеу: Жаңа жылды бастаған Әмина: Жыл келді бөлеп бізді алтын күнге
Жаны жақын жақсы адам. Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.
Аяз ата, сізге мен Жаңа жыл, жаңа әннің тербелуі
Мен – жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Әйгерім: — Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Осы 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс —
құтымыз арылмасын!
Әлихан: — Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Аяз Ата: — Ақшақар, бүгін балалар аталарынан сыйлық күтіп отыр. Барып сыйлықтарымды алып кел. Балаларға сыйлықтарды таратайық. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Ақшақар екеуі балалармен қоштасып, шығып кетеді).

2 сәбилер тобына арналған сценарий:

Карлсон бізде қонақта!

Әдемі әуенге балалар залға кіреді, қолдарында гүлдер бар.

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Читайте также:  Топ 10 ядовитых насекомых мира

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.


Биден кейін гүлдерді жинап, оларды құмыраға қойып, орындарына отырады.

(көңілді әуен жүргізіледі)


Жүргізуші: Балалар, бұл не? Кәнеки, ыңғайлап отырып, кім келе жатқанын көрейік.

(Карлсон ұшып келе жатады)
Карлсон: Сәлем,балалариктар!Қыз бен ұлдариктар ! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә!
Карлсон: Сендерге көңілді Карлсон келді. Тамақ ішуге, шай ішуге келдім.
Ал, сендердің тәтті бәліштерін, кәмпиттерін, балмұздақ пен мармеладтарын қайда?Мен көңілді Карлсонмын, сондықтан мен балалар мен үлкендерге ұнаймын!


Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон! Әрине, біз сені мерекемізде көруге өте қуаныштымыз, бірақ неге сен тек қана балалармен амандастың? Қарашы , залымызда қаншама әдемі киінген қонақтар отыр.

Карлсон: Ой, расында да қонақтар отыр екен.
(бір анаға, екінші анаға жақындайды да, қолдарынан алып амандасады, сөмкелеріне қарайды)
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Мен Карлсонмын! Әлемдегі ең әдемі, ақылды, тәртіпті және тамақты көп жейтін еркекпін! Көөп күш-қуаты бар, өте қызықты еркекпін! Ой, сіздің сөмкеңізде не бар?! Зефир, шоколад?! Ой, а сізде ше? Тәтті иристар ма? Біреуден сағыздың иісі шығады! Мм, тәттіні жегім келіп тұр. Көздеріңіздің алдыңызда жүдеп жатырмын.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон!Асықпа! Сен бізде қонақта көп уақыт болған жоқсын ғой.

Карлсон: Енді не қылайын. Жұмыс..Қаншама үйлерге ұштым, қаншама балақайлармен таныстым! Ал, тәттілерді қанша жедім десейші!

Жүргізуші: Иә, Карлсон! Сен әлі де тәттіні жақсы көретін жыбыр-жыбыр екенсің! Бірақ біз балалармен бірге саған өте қуаныштымыз. Солай ма,балалар!

Карлсон: Ой, мен қалай қуаныштымын, десеңдерші! Өйткені мен қазіргі уақытта сендердің бақшаларыңның төбесінде тұрамын ғой. Және бір кезде терезелеріңіздің алдынан өтіп балалардың бір мерекеге дайындалып жатқанын көрдім. Бірақ қандай мерекеге екенін түсінбедім! Қандай мереке?
Жүргізуші: Қандай мерекені тойлап жатырмыз, балалар, айтайықшы?
Балалар: 8 Наурыз!
Карлсон: Ух, ты! 8 наурыз?! Бұл не?
Жүргізуші: Қандай мереке екенін қазір балалар саған айтып береді!

Балалар тақпақтар айтады

Жүргізуші: Ал енді, Карлсон, 8 наурыз дегенді түсіндің ба?

Карлсон: Иә! Балалар әр күн сайын әнді неге қатты айтып жатқанын мен енді түсіндім!Олар дайындық жасаған екен ғой! Аналары мен әжелері қуанышты болсын деп. Мерекеде сарқыт бола ма?
Жүргізуші: Әрине, бірақ ол сарқытты алу үшін еңбек ету керек. Сен бізге ән айтып немесе би билеп берсең, көреміз береміз ба жоқ па!

Карлсон: О не дегеніңіз, мен ұялам ғой!

Жүргізуші: Жарайды, саған көмектесеміз! Балалар, бірге көңілді польканы билеп берейікші!
Би
(биден кейін балалар отырады, ал Карлсон құлайды)
Карлсон: Болды! Би керемет болды, бірақ мен ауырып қалдым, маған міндетті түрде тәтті бір нәрсе беріңдер!

Жүргізуші: Балалар, Карлсонды құтқару керек! Дәмді тосаппен тұрған бәнкеміз қайда?!
Карлсон: (басын көтеріп) Тосап. Дұрыс естідім ба!
Жүргізуші: Иә, тосап!
Карлсон: Ал бәнкесі үлкен ба?!

Жүргізуші: Үлкен, үлкен!
Карлсон: Ал қасық үлкен бе?!
(жүргізуші қолына банка мен қасықты ұстап, Карлсонның қасына жақындайды)
Жүргізуші: Қасық мынадай! Аузынды аш, қазір біз сені құтқарамыз!
(жүргізуші Карлсонды тамақтандырады, бірақ Карлсон бәнкені алып, бұрышқа тығылып тосапты жеуді жалғастырады)
Жүргізуші: Ойпырмай, Карлсон, менің ойымша сен бәрін шатастырып, тәттіқұмар мерекесіне келдім деп ойлап жүрсің. Ал біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз!

Карлсон: (аузын сүртіп, ортаға шығады)

Ештенені де шатастырған жоқпын! Олай болса, мен сіздерге тосынсый дайындадым!
Жүргізуші: Тосынсый?! Күшті ғой! Ол туралы айтып берші бізге!
Карлсон: Балалар, сендер ойын ойнауға жақсы көресіңдер ма?

Балалар: Иә!
Карлсон: Осы менің сізге деген тосынсыйым!
Сендермен бірге «Гүл жина» атты ойын ойнайықщы!

( жерде әр түрлі түсті гүлдер жатыр, балалар бір түсті жапырақтарды жинайды)
Жүргізуші: Рахмет, балалар, жақсы ойнадыңдар!Саған да Карлсон, рахмет!Ойын үшін, гүлдерін үшін! Енді сол үшін мен саған мына кәмпитті бергім келеді!Саған деген тосынсыйымыз болсын!

Карлсон: Қап! Кәмпиттің түрін қараңдар!Рахмет!Көңілімнен шықты! Сендерде осындай үлкен кәмпиттер болса, мен кетуге асықпаймын! Мен, осында, сендерде қалатын шығармын!
Жүргізуші: Біз сен осында қалатынына куаныштымыз, бірақ кәмпит үлкен болса, оны барлығына бөлуге болады ғой!

Карлсон: Жо-жоқ!Нені бөлеміз! Өзіме де аз болып тұр ғой!
Жүргізуші: Жарайды, мен әзілдедім! Әрине, сен осындай тәтті сыйлыққа лайықсын! Айтшы,Карлсон, саған біздің мерекеміз ұнай ма?
Карлсон: Әрине, сендерде сондай тамаша!Балалар мен қыздар әдемі киінген!Аналарымыз қандай сұлу, көңілді!

Жүргізуші: Дұрыс айтасын, Карлсон, аналарымыз бүгін өте әдемі, өйткені бүгін олардың мерекесі ғой! Оларға арнап балалар ағылшын тілінде тақпақтар мен ән айтып береді.

Ағылшын тілінде тақпақтар мен ән
Жүргізуші: Карлсон, қарашы мерекемізге тек қана аналар келген жоқ, әжелер де келді.
Карлсон: Иә! Иә! Мен төбеден бәрін көріп тұрамын!Әжелеріңіз сендерді өте жақсы көреді екен!Сендерге ойыншық әперіп, балабақшаға әкеледі! Жүргізуші:Балаларымыз әжелерімізге тосынсый жасады.

әні

Карлсон: Балалар, сендер әжелеріне көмектесесіңдер ме?Әжелеріңді тыңдайсыңдар ма? Әжелеріңіз тәтті тамақ пісіре ма? Сендерді қасықтан тамақтандыра ма?? Жоқ! Онда сендер қазір әжелеріңді қасықпен тамақтандырасыңдар!Кімнің әжесі бірінші болып тамақтанады, сол жеңімпаз болып аттанады. Так! Менің йогурттарым қайда? Өзім жеймін деп едім, жарайды сендермен бөлісейін!

ойыны
(ойынға: 3 йогурт, 3 қасық, 3 салфетка, 3 нагрудник)
Карлсон: Күшті ойнадық, әжелеріміз тойған шығар!
Жүргізуші: Карлсон, білесің бе, біздің балалар еңбек етуге жақсы көреді.
Карлсон: Сендер еңбек етуге жақсы көресіңдер ма?
Ойыншықтарды да өздерің жинайсыңдар ма?
Үстелді де жасайсыңдар ма?
Ыдыстарды да өздерің қоясыңдар ма?
1. Помогаю маме я, каждый день работаю,
убираю со стола, мою пол с охотою!
2. Могу я щёткой подметать, умею вещи убирать,
До блеска натирать посуду, и тряпкой пыль сметать повсюду!
3. Я не валяюсь по ковру, не бегаю вприпрыжку,
Я сам сегодня уберу, игрушки все и книжки!
4. Я тоже маме помогу, все игрушки уберу,
За диван машины спрячу, кубики за кресло,
под столом оставлю мячик, вот и всё на месте!
5. Хорошо бы если вдруг в руки мне попал утюг,
Я бы маме показал, что давно большим я стал!
Карлсон: Иә! Тамаша! Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Әрине, біздің балалар өте жақсы көмектеседі.

Би
Жүргізуші:
Ал, Карлсон, саған ұнады ма?

Карлсон: Иә! Сендердің балаларың шебер екен!Қыздарына ғашық болып қалдым! Ал енді мен сендерді көңілді кір жуу биіне шақырамын.

биі

Карлсон: Ой, қандай тамаша биледіңдер!Шаршамапсыңдар да! Мен үлкен кәмпитті сендерге бермегенім үшін қатты қобалжып тұрмын, сондықтан мен сендермен бөліскім келіп тұр! Менде де кәмпиттер бар. Оларды сендерге сыйлаймын!(кәмпиттерді таратады)

Мереке тамаша өтті, жарайды онда, сау болыңдар, балақайлар! Ал менің ұшатын уақытым келіп қалды!Құрбыларымды мерекемен құттықтау керек.Сау болыңдар, достарым!Мен ұшып барамын! ( әуенмен ұшып кетеді)
Жүргізуші: Мерекеміз өз соңына жетті. Балалар, сендерге бүгінгі мереке ұнады ма? (Иа). Маған ұнады. Бірақ бізге топқа барып демалу керек. Сендерге барлықтарына үлкен рахмет, сендер бүгін ерекше ақылды болдыңдар. Құрметті ата-аналар, осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана-әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық, бақыт тілейміз. Балаларымыз дайындаған сыйлықтарды қабыл алыңыз!

Көңілді әуенмен балалар аналарына сыйлық сыйлайды.

Источник

Оцените статью
Adblock
detector